Accessibility links

Қызыл Крест комитеті Ауғанстандағы операциясын уақытша тоқтатты


Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Ауғанстандағы ауруханасы (Көрнекі сурет).
Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Ауғанстандағы ауруханасы (Көрнекі сурет).

Халықаралық Қызыл Крест комитеті Ауғанстанда гуманитарлық жүк керуені қарулы шабуылға ұшырап, алты қызметкері қаза тапқан соң бұл елдегі қызметін тоқтатты. Миссия Ауғанстанның солтүстігінде таяуда қалың қардан зардап шеккен шалғай ауданға гуманитарлық көмек жеткізіп жүрген.

Джаузджан уәлаятының губернаторы гуманитарлық миссияға шабуылды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары жасауы мүмкін деген болжам айтты.

Қызыл Крест комитетінің басшысы бұл оқиғаны "соңғы 20 жылда ұйымға жасалған ең қатігез шабуыл" деп атады. Сонымен қатар 8 ақпан күні кешке із-түзсіз жоғалған ұйымның тағы екі қызметкері іздестіріліп жатыр.

"Біздің операцияларымыз расымен тоқтатылды, оларды қайта бастау үшін ең алдымен нақты не болғанын түсініп алуымыз керек" деді комитет директоры Доминик Стиллхарт. Оның сөзіне қарағанда, комитеттің Ауғанстандағы гуманитарлық бағдарламасы әлемде көлемі жағынан төртінші миссия саналады. Комитет бұған дейін қауіпсіздікке қатысты мәселенің ушыға бастауы Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізуге қауіп төндіретінін ескерткен.

"Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай өте ауыр. Біз елдің түкпір-түкпіріне көмек жеткізетін санаулы ғана ұйымдардың біріміз. Біз Ауғанстанда түрлі жағдайларға жауап беру үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз" деді Доминик Стиллхарт.

XS
SM
MD
LG