Accessibility links

Ресей биатлоннан әлем біріншілігін өткізу құқығынан айырылды


Биатлоннан әлем Кубогы кезеңі аясында әйелдер арасындағы жарыс. Чехия, Нове Место, 18 желтоқсан 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Биатлоннан әлем Кубогы кезеңі аясында әйелдер арасындағы жарыс. Чехия, Нове Место, 18 желтоқсан 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Ресей допинг дауына байланысты тағы бір спорттық ауқымды жарысты өткізу құқығынан айырылды. Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) есебін мұқият зерттей келе 2021 жылы биатлоннан әлем біріншілігін Ресейден басқа елде өткізуге шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Өткен жылы қыркүйекте 2021 жылғы әлем чемпионатын өткізетін орын ретінде Ресейдің Түмен қаласы таңдап алынған. Біріншілікті өткізуге Словенияның Поклюке қаласы мен Чехияның Нове Место қаласы да үміткер болған. IBU жарысты өткізетін жаңа орынды келесі жылы жариялайтынын мәлімдеді.

Биатлон олимпиаданың классикалық спорт түріне жатады, ол шаңғы эстафетасы мен мылтықтан оқу жарысынан тұрады.

Ресей биатлоншылар одағы ТАСС агенттігіне IBU шешіміне шағымданатынын хабарлады. Ресей биатлоншылар одағы бұған дейін Ресейде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын және 2017 жылғы әлем кубогы кезеңдері жарысын өткізуден өз еркімен бас тартқан.

IBU сонымен қатар WADA есебінде аты аталған ресейлік 22 биатлоншыға қатысты тергеудің тоқтатылғанын, олардың допинг қолданғанына дәлел табылмағанын да хабарлады. IBU WADA есебінде аты аталған ресейлік тек спортшының күдікке ілінгенін айтады.

Өткен жылы желтоқсанда Ресей биатлоннан, конькимен жүгіру, бобслей және склетон бойынша әлем кубоктарын өткізу құқықтарынан айырылған.

XS
SM
MD
LG