Accessibility links

Скопье конгресменнің Македонияны бөлу ұсынысына наразылық танытты


Дейна Рорабахер, америкалық конгрессмен.
Дейна Рорабахер, америкалық конгрессмен.

Македония америкалық конгресмен, Республикашыл партия мүшесі Дейна Рорабахердің "Македония мемлекет емес және оны көршілес Болгария мен Косовоға бөліп алуы тиіс" деген сөзіне наразылық танытты.

"Македонияның косоварлар мен албандары Косовоның бөлшегі, қалғаны Болгарияның немесе өздері қосылғысы келетін кез-келген елдің құрамына кіруі тиіс" деді АҚШ конгресі өкілдер палатасының Еуразия істері жөніндегі комитетінің төрағасы Рорабахер Албанияның Vision Plus телеарнасына берген сұхбатында.

Ресейді жақтаушы, 70 жастағы Рорабахер 30 жыл бұрын Югославия ыдыраған кезде Македонияның құрылуы қателік болғанын, себебі халық бірге бейбіт өмір сүре алмайтын этникалық лагерлерге бөлініп кеткенін айтты. Рорабахердің Македонияны бөлу ұсынысы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың пікірімен бірдей шықты. Лавров 2015 жылы "Македонияның жартысын Албанияға, жартысын Болгарияға беру идеясы" барын мәлімдеген.

Македония сыртқы істер министрлігі Рорабахердің мәлімдемесіне ашумен жауап қайтарды. Министрлік конгресменнің сөзі аймақта "Бізді өткен шаққа қайта апарып, үлкен алаңдаушылық пен дені сау емес ұлтшылдық риторикасын тудырады" деп мәлімдеді. Македония АҚШ мемлекеттік департаменті бұл ұсынысты қабылдамайтынын да мәлімдеді. Бірақ Рорабахер президент Дональд Трамптың әкімшілігіне ықпал етіп, бұл мәселе бойынша өзінің комитетінде тыңдау өткізетінін айтады.

XS
SM
MD
LG