Accessibility links

Адвокат: Almaty Towers-тегі өрт пен адам қазасына кінәлілер - бірнешеу


Көрнекі сурет.

"Almaty Towers бизнес орталығындағы алты адам қаза тапқан өртке орталықтың әкімшілігі мен өрт сөндірушілердің де кінәсі бар" деп мәлімдеді бүгін қаза тапқандардың туыстарының адвокаты Ерлан Бекполов.

2016 жылы қарашаның 6-сы күні Алматыдағы Almaty Towers бизнес орталығында өрт шығып, оқиға орнында 54 жастағы дәнекерлеуші қаза тапқан. Келесі күні өртенген ғимараттан тағы бес адамның – Алматыдағы жоғары оқу орындары студенттерінің сүйектері табылған.

Бүгін қаза тапқан бес студенттің үшеуінің - Екупжон Тохтамышев, Исмаилжон Исраилов және Абылайхан Зутебековтің жақындарының адвокаты Ерлан Бекполовтың пікірінше, өрт шыққанда өрт дабылы мен өрт сөндірудің спринклерлік жүйесі жұмыс істемеген. Сонымен қатар өрт болған жағдайда сыртқа шығатын жолда кеңесе орналасуы да - заңсыз. Ол "бұл заң бұзушылықтарға бизнес орталықтың әкімшілігі мен қалалық төтенше жағдайлар департаменті жауапты" дейді.

Өрттен соң Almaty Towers әкімшілігі "барлық өрт сөндіру жүйесі мен қажетті қауіпсіздік жүйесі іске қосылды, бәрі жұмыс істеп тұрды" деп мәлімдеген еді. Төтенше жағдайлар департаменті де мұны растаған.

Өрттен соң бизнес орталығында орынды жалға алған "Батут орталығы" компаниясының директоры Дәурен Тұяқов ұсталып, қылмыстық кодекстің "байқаусызда адам қазасына апарып соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" күдігімен екі айға қамалған.

  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG