Accessibility links

Австрия полициясы Қазақстан биатлон құрамасы өкілдерін тінтіді


Австрия полициясы (Көрнекі сурет).
Австрия полициясы (Көрнекі сурет).

Австрия полициясы Қазақстанның ұлттық биатлон құрамасы орныққан қонақүйге тінту жасап, допинг препараттарын іздеді. Австрияның Федералдық қылмыстық агенттігінің хабарлауынша, рейд 8 ақпан күні кешке Альпі тауының етегіндегі Хохфильцен қаласындағы қонақүйде болған. Агенттік мәлімдемесінде медициналық құрал-жабдықтар мен препараттар және ұялы телефондардың тәркіленгені айтылады. Австрияның допингке қарсы агенттігінің өкілдері қазақстандық спортшылардан қаны мен зәрінің сынамаларын алған.

Қаңтардың 23-і күні Германияның Инцель қаласы маңындағы жанармай құю станциясы жанынан әрі-дәрмектер, медициналық құрылғылар және Қазақстан биатлон құрамасы дәрігерінің аккредитациясы табылған. Қазақстан биатлон федерациясының бас хатшысы Манас Үсенов "Команда қолданатын әрбір препараттың құжаты бар және оларды қолдануға рұқсат етілген. Команда мүшелері күйгелектеніп отырған жоқ, себебі барлығы өздерінің кінәсіз екеніне сенімді" дейді.

Халықаралық биатлон одағының басшысы Николь Реш қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасының барлық 11 мүшесі 9 ақпанда басталған жарысқа еркін қатыса алатынын хабарлады. "Біз Австрия билігінің тексерулеріне толық сенеміз. Біз тыйым салынған препараттар немесе әдіс-тәсілдер қолданылды ма, жоқ па білмейміз. Осы жайт анықталған соң ғана шара қабылдаймыз" деді Николь Реш.

XS
SM
MD
LG