Accessibility links

Қазақстанның Польшадағы елшісіне тәртіптік жаза қолдануды ұсынды


Алтай Абибуллаев, Қазақстанның Польшадағы елшісі.
Алтай Абибуллаев, Қазақстанның Польшадағы елшісі.

Қазақстан президенті жанындағы коррупцияға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша комиссия Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Абибуллаевты "мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін" тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссияның 9 ақпандағы отырысында мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова төрағалық етіп, Абибуллаевты тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралған. Отырыс қорытындысында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Абибуллаевқа "қызметіне сәйкестігі толық емес" екенін ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жасауға шешім қабылданған.

Ресми ақпаратта Алтай Абибуллаевтың мемлекеттік қызметі туралы заңнаманы қалай бұзғаны айтылмайды.

XS
SM
MD
LG