Жамбыл облысында бүгін әскери КамАЗ көлігі жол апатына ұшырап, бірнеше әскери қызметкер жараланды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жол апаты бүгін таңертең Тараз-Шымкент жолында болған. Жүк көлігінің жүргізушісі көктайғақтан рөлге ие бола алмай жолдың шетіне шығып кетіп, жанына аударылған. Көлікте болған 28 әскери қызметкердің 17-сі түрлі жарақат алып, Тараз қаласындағы ауруханаларға жеткізілген. Жағдайлары қанағаттанарлықтай деп бағаланып отыр.
Жол-көлік оқиғасы бойынша қазір тергеу жүргізіліп жатыр.