Accessibility links

Бағдат пен Мосулдағы жарылыстан 10 адам өлді


Ирак картасы.
Ирак картасы.

Ирак әскерилері мен дәрігерлері Бағдат пен Мосулдағы жарылыстардан кемінде 10 адам қаза тапты деп мәлімдеді. 33 адам жараланған. Бұл қалаларда жанкештілер бірнеше жарылыс жасаған еді.

10 ақпанда болған бұл жарылыстарды "Ислам мемлекеті" (ДАИШ - Қазақстанда тыйым салынған - ред.) террорлық тобы мойнына алды.

Мосулдың шығысындағы мейрамханада бір адам өзін-өзі жарған. Бұл оқиғадан 4 адам опат, 15 адам жарадар болды. Бұл аумақ бұрынырақта "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымының бақылауында болған еді. Содырлар Мосулдың батыс бөлігін әлі бақылап отыр.

Қаланың шығысындағы жарылыс болған мейрамхана жақында ашылған орындардың бірі болған еді. Мосулдың шығысында көлікке толтырылған бомбалардың тағы бір жарылысынан 1 солдат қаза тапты, 4 адам жараланды.

Бағдаттағы жарылыс та көлікке толтырылған бомбалардан болған. 5 адам өліп, 14 кісі жарақат алды.

XS
SM
MD
LG