Accessibility links

АҚШ теннис федерациясы нацистер әнұраны ойналғанына кешірім сұрады


Андреа Петкович, неміс теннисшісі.
Андреа Петкович, неміс теннисшісі.

АҚШ-тың теннис федерациясы Федерация кубогы матчы алдында Германияның нацистік режимімен байланысты бұрынғы әнұраны ойналуына байланысты кешірім сұрады.

11 ақпанда Гавайда америкалық Алисон Риске мен неміс Андреа Петкович арасында өткен ойын алдында мәтінінде "Германия, Германия - бәрінен жоғары, әлемде барлығынан жоғары" деген сөздері бар әнұран қателікпен қойылып кеткен. Бұл сөздер Адольф Гитлердің нацистік режимімен тікелей байланысты.

Боснияда туған Петкович журналистерге ескі әнұран ойналғанда кортан кетіп қалуға расымен бекінгенін мәлімдеді. АҚШ теннис федерациясының ресми мәлімдемесінде "Бізде құрметтемеушілік туралы пиғыл мүлдем болған емес. Мұндай жаңсақтық енді мүлдем қайталанбайды" делінген.

XS
SM
MD
LG