Accessibility links

ХҚКО-да азаматтарды тіркеу қызметтері жұмыс істемей тұр


Алматы қаласы Алатау ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының алдында тұрған жұрт. 10 қаңтар 2017 жыл. (Көрнекі сурет).
Алматы қаласы Алатау ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығының алдында тұрған жұрт. 10 қаңтар 2017 жыл. (Көрнекі сурет).

"Үкімет азаматтар үшін" мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) бірқатар қызмет, оның ішінде азаматтарды тұрақты және уақытша тіркеуге тұрғызу қызметтерінің жұмыс істемей тұрғанын хабарлады.

Корпорация ақпаратына қарағанда, оннан астам қызмет түрінің жұмыс істемей тұруына әділет министрлігінің мәліметтер базасындағы ақау себеп болған. Корпорация баспасөз қызметінің мәліметінше, "Жылжымайтын мүлік регистрі" базасындағы ақау бүгін таңертеңгі сағат 8-де анықталған. Қазір мәліметтер базасының жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір "жергілікті атқару органдарының мұқтаж азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқару органы жеке меншік тұрғын үй қорынан жалға алған үйлерін беру, үйдің кезегіне тұрғызу" қызметі де көрсетілмей тұр.

Корпорация мәлімдемесінде азаматтарды тіркеу қызметі мәліметтер базасындағы ақау жойылған соң көрсетіле бастайтыны айтылады.

XS
SM
MD
LG