Accessibility links

ІІМ: Тұрмыстық зорлық көргені үшін шағымданатын әйелдер азайды


Қалмұханбет Қасымов, ішкі істер министрі.
Қалмұханбет Қасымов, ішкі істер министрі.

Тұрмыста зорлық көргені үшін полицияға шағымданатын әйелдер азайып кетті деп мәлімдеді бүгін парламенттегі үкімет сағатында ішкі істер министрлігі (ІІМ) басшысы Қалмұханбет Қасымов. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімділігі жаңа заңнаманың қабылдануымен азайғанын айтты. Оның сөзінше, жаңа заңнамада "денсаулыққа жеңіл зардап келтіру" және "сабау" сияқты тұрмыстық зорлық түрлерінің қылмыстық құқық бұзушылық санатына енгізілген. Бұрын бұлар әкімшілік құқық бұзушылық болып саналған.

- Бұрын шамамен бір тәулік ішінде полиция мұндай құқық бұзушылыққа іс қозғап, әкімшілік сот ол бойынша істі қарап үлгеретін. Сот істі қарағанша жанжал шығарған адамды 48 сағатқа дейін қамауға алып, жанжалдың алдын алуға болатын. Сот әдетте кінәліні қамауға алатын және бұл масаң күйде тұрмыста шығатын жанжал мен зорлық-зомбылықтың алдын алудың жедел әрі әсері бар шарасы болған еді, - деді Қалмұханбет Қасымов.

Бірақ министр қазір полицияның мұндай құзыреттен айырылғанын және жанжал шығарған адамды үш сағатқа дейін ғана ұстай алатынын айтады. Қасымов бұл уақытта "масаң күйде жанжал шығарған адамның эмоционалдық жағдайы мен агрессиясын азайту мүмкін емес" дейді.

Қалмұханбет Қасымовтың сөзіне қарағанда, 2014 жылы "денсаулыққа жеңіл залал келтіру" және "сабау" айыптары бойынша 6 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, ал өткен жылы осы баптар бойынша 718 айыптау үкімі шығарылған.

Қазақстан ішкі істер министрлігі парламенттен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңнамаға түзетулер енгізуді сұрайды.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG