Accessibility links

Әбдірахманов елші Абибуллаевтың ісіне қатысты комментарий берді


Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан сыртқы істер министрі.
Қайрат Әбдірахманов, Қазақстан сыртқы істер министрі.

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Абибуллаевқа қатысты жағдай "мемлекеттік қызметкердің этикасын бұзумен" байланысты екенін мәлімдеді.

Өткен аптада президент жанындағы коррупцияға қарсы комиссия президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына елші Алтай Абибуллаевқа "қызметіне сәйкестігі толық емес" екенін ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жасаған.

Астанада журналистер сұрағына жауап берген Абдрахманов "әңгіме мемлекеттік қызметкердің этикасын бұзу туралы" екенін айтты. Оның сөзінше, Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұл істің қаралуын "аса ден қойып қабылдаған". Әбдірахманов қазір министрлік "жоғары инстанциядан материалдың" түсуін күтіп отырғанын да айтты.

XS
SM
MD
LG