Accessibility links

Астаналық кәсіпкерлер "Нұрбанкпен" арадағы дауда биліктен көмек сұрады


"7 континент" бизнес орталығының кәсіпкерлері президент пен бас прокуратуран көмек сұрап тұр. Астана, 14 ақпан 2017 жыл.
"7 континент" бизнес орталығының кәсіпкерлері президент пен бас прокуратуран көмек сұрап тұр. Астана, 14 ақпан 2017 жыл.

Бүгін Астанада "7 континент" бизнес орталығының ондаған кәсіпкері рұқсат етілген митингке шықты. Кәсіпкерлер өз мүліктерін қорғауға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен бас прокуратурадан көмек сұрайды.

Кәсіпкерлердің айтуына қарағанда, 2008 жылы "Шырын ЛТД" компаниясы "7 континент" бизнес орталығын салу үшін "Нұрбанктен" несе алған. Ал, 2015 жылы "Нұрбанк" "Шырын ЛТД" компаниясын сотқа беріп, несиені қайтаруды талап еткен. Бірақ осы екі аралықта "Шырын ЛТД" компаниясы салған кеңселері мен бөлмелерін сатып жіберген.

Бүгін митингке шыққандар осы кеңселерді екінші не үшінші иелерінен сатып алғандарын, "Нұрбанк" пен "Шырын ЛТД" дауына ешқандай қатыстарының жоқтығын, олар мүлікті сатып алған кезде әділет органдары сатып алу шартын заңды деп белгілегенін айтады. Митингке шығушылардың сөзінше, олар "Нұрбанкпен" арада болған бірінші сотта жеңіске жеткен. Алайда апелляциялық сотта банктен ұтылған. Ол соттың шешімі бойынша, кәсіпкерлер сатып алған кеңсе мен бөлмелерін "Нұрбанкке" қайтарып берулері керек.

Кәсіпкерлердің қорғаушысы Жанарбек Бектеміровтің айтуынша, сатып алу кезінде әділет органдары сатып алу шарты заңды деп құжат берген және меншік құқығын тіркеген.

"Олай болса, бұл азаматтардың банкке және "Шырын ЛТД" компаниясына ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан олар заң бойынша, адал сатып алушы болып есептелінеді" дейді Бектеміров.

Кәсіпкерлер банкпен арадағы дауда биліктен көмек сұрады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:35 0:00

XS
SM
MD
LG