Accessibility links

Сот "Ақтөбе" футбол клубы экс-ойыншысының шағымын қарап жатыр


"Ақтөбе" футбол клубының өкілі Марат Ниязмағанбетов сотта тұр. Ақтөбе, 14 ақпан 2017 жыл.
"Ақтөбе" футбол клубының өкілі Марат Ниязмағанбетов сотта тұр. Ақтөбе, 14 ақпан 2017 жыл.

Ақтөбе соты жергілікті "Ақтөбе" футбол клубының бұрынғы ойыншысы Маркос Пиззелидің шағымы бойынша азаматтық істі қарай бастады. Футболшы "Ақтөбе" клубынан 63,4 миллион теңге талап етіп отыр. Оның 4 миллион 991 мың теңгесі жалақы қарызы, 58 миллион 432 мыңы - өтемақы.

14 ақпанда басталған сот процесіне Маркос Пиззелидің өзі келген жоқ. Сотта ойыншының атынан сөйлеген адвокат Александр Вдовиннің айтуынша, 2015 жылдың соңында футболшымен еңбек келісім-шартын бұзған "Ақтөбе" 2016 жылғы 30 наурызға дейін 189 мың АҚШ доллары көлемінде компенсация төлеуге уәде еткен.

- Алайда, клуб басшылары уәделерінде тұрмағандықтан Қазақстанның футбол федерациясына, кейін қалалық сотқа шағымдануға мәжбүр болдық, - дейді адвокат.

Сотта "Ақтөбе" футбол клубының мүддесін қорғаған Марат Ниязмағанбетов еңбек келісім-шарты тараптардың келісімімен бұзылғанын айтты.

- "Ақтөбе" клубы Маркос Пиззелиге қарыз емес. Ойыншы клуб құрамында болған екі жылға жуық мерзімде жалпы сомасы 362 миллион 163 мың теңге жалақы алды, - дейді Марат Ниязмағанбетов.

Маркос Пиззели "Ақтөбе" футбол клубы құрамында 2014-2015 жылдары ойнаған. Қазір Грекияның "Ксанти" клубының ойыншысы.

XS
SM
MD
LG