Accessibility links

Астанада Сирия келіссөзінің кезекті жиыны 16 ақпанда басталатын болды

Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов (ортада) Сирия жанжалын реттеу жөніндегі келіссөздер қорытындысы туралы айтып отыр. Оң жақ шеттегі - БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура. Астана, 24 қаңтар 2017 жыл.

Астанада Сирия дағдарысын бейбіт реттеу жөніндегі кезекті келіссөз 16 ақпанға ысырылды деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер миинстрлігінің баспасөз қызметі. Министрлік ақпаратына қарағанда, 16 ақпан күні сағат 12-ге қалдырылған. Келіссөздің кешігуіне не себеп екені айтылмайды.

Астанада Сирия келіссөзінің кезекті отырысы әуелде 15-16 ақпанға жоспарланған еді. Сириядағы жанжалды реттеу жөніндегі келіссөздерге Сирия үкіметі, қарулы оппозиция өкілдері, сонымен бірге БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура және АҚШ бақылаушылары ресми түрде шақырылған.

Сыртқы істер министрлігі бұған дейін Астанадағы келіссөздердің негізгі тақырыбы атысты тоқтату режимін сақтау және Сирияның кей аудандарындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша нақты шараларға арналатынын мәлімдеген.

Келіссөздерге Сирия президенті Башар Асадтың режимін қолдайтын Ресей және сириялық көтерілісшілерді жақтайтын Түркия арағайын болып отыр.

XS
SM
MD
LG