Accessibility links

IBU Қазақстан биатлоншыларының допинг қорытындысын жариялады


Қазақстандық Алина Райкова.
Қазақстандық Алина Райкова.

Қазақстан биатлон құрамасынан алынған допинг сынамалары таза болып шыққан. Бұл туралы IBU (Халықаралық биатлон одағы) ресми сайтында мәлімдеді.

Қазақстан биатлоншыларының қан және дәрет анализдерін Австрияның допингке қарсы зертханасы тексерген.

8 ақпанда Австрия полициясы Хохфильцен қаласында Қазақстан биатлон құрамасы тоқтаған қонақ үйді тексергенін хабарлаған. 23 қаңтарда Германияның Инцель қаласы маңындағы жанармай құю станциясы маңынан дәрі-дәрмектер, медициналық құрылғылар және Қазақстан биатлон құрамасы дәрігерінің аккредитациясы табылған. Осыдан кейін Австрия полициясы Қазақстан биатлон құрамасына тексеру жүргізген. Ал Австрия допингке қарсы агенттігі қазақстандық биатлоншыларының барлығын допингке тексерген.

Қазір Қазақстан биатлон құрамасы Австрияда әлем чемпионатына қатысып жатыр. Бұл жарыстан кейін Саппорода (Жапония) өтетін қысқы Азия ойындарына барады.

XS
SM
MD
LG