Астанада Сирия бойынша бейбіт келіссөздің пленарлық отырысы бүгін күннің екінші жартысында өтеді деп жоспарланып отыр деп хабарлады Азаттыққа Қазақстан сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметінен. СІМ кеше Астана келіссөзі аясындағы кезекті кездесу бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де басталатынын хабарлаған.
ҚазАқпараттың РИА "Новости" агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей, Иран және Түркия арағайындығымен өтетін кездесу қарсаңында делегациялар екі жақты кездесулер өткізген.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов келіссөзге барлық тараптар, оның ішінде Сирия оппозициясы делеагациясының басшысы Мохаммед Аллуш та қатысады деп күтіліп отырғанын айтты.
Жайнақов отырыс "тараптар дайын болғанда", сағат 15 я 16 шамасында басталатынын айтты.