Accessibility links

АҚШ-та "Мигрантсыз күн" қарсылық акциясы өтіп жатыр


АҚШ президенті Дональд Трамптың мигранттарға қатысты саясатына қарсылық білдіріп тұрған адамдар. Сан-Франциско, 29 қаңтар 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
АҚШ президенті Дональд Трамптың мигранттарға қатысты саясатына қарсылық білдіріп тұрған адамдар. Сан-Франциско, 29 қаңтар 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

АҚШ-та жүздеген мейрамхана мен ондаған компаниялар президент Дональд Трамптың мигранттарға қатысты саясатына қарсылық акциясы аясында бір күнге жұмысын тоқтатты. «Мигрантсыз күн» акциясын ұйымдастырушылар ондай санатқа жататын тұрғындарды АҚШ экономикасы мен өмір салты үшін мигранттардың маңызы барын көрсету үшін жұмысқа шықпауға, сабаққа қатыспауға, сауда орындары мен мейрамханаларға бармауға шақырған.

Наразылық шерулері Вашингтонда, Филадельфияда, Бостонда, Хьюстонда, Чикаго мен Нью-Йоркте өткен. Трамп әкімшілігінің мұсылмандар басым тұратын жеті елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруіне уақытша тыйым салған жарлығы мен заңсыз мигранттарға қатысты шараларына қарсылық акциялары әлеуметтік желілерде де ұйымдастырылған. Бұған дейін АҚШ федералдық соттары Трамптың уақытша тыйым салу туралы жарлығының күшін тоқтатқан.

Ақпанның 16-сы күні АҚШ президенті келесі аптада мигранттарға қатысты жаңа жарлық қабылдайтыны туралы мәлімдеген. Оның сөзінше, жарлық «елді қорғау қажеттігі» үшін қабылданбақ. Өткен аптада АҚШ полициясы жаппай тексеру жүргізіп, елдің әр аймағынан 700-ге жуық заңсыз мигранттарды ұстағаннан кейін құқық қорғаушы ұйымдары алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG