Accessibility links

Ауғанстанда "әулет намысы үшін" адам өлтіруге күдіктілер тұтқындалды


Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы шеруге шыққан қыз-келіншектер ұстаған плакат. Кабул, 24 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет.)
Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуге қарсы шеруге шыққан қыз-келіншектер ұстаған плакат. Кабул, 24 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет.)

Ауғанстанда екі ер адам «әулет намысы үшін» адам өлтіруге қатысқан деген күдікпен қамалған. Елдің оңтүстік аймағында полиция бөлімшесіне басып кірген қарулы топ қашпақшы болған жас жігіт пен келіншекті өлтірген. Полиция қаза тапқан келіншектің ағасы мен күйеуін тұтқындаған.

Отбасы еркінен тыс күйеуге берген 18 жастағы Фатиханы «күйеуіне опасыздық жасаған» деген айыппен ақпанның 11-і күні 19 жастағы Хедайатулламен бірге Нуристан уәлаятының полициясы ұстаған. Куәгерлердің айтуынша, арасында келіншектің туыстары да бар қарулы топ полиция бөлімшесіне баса-көктеп кіріп, ол жерде отырған келіншек пен жігітті көшеге алып шығып, екеуін де өлтірген.

Бұл Ауғанстанда «әулет абыройын қорғау» деген желеумен жасалатын қылмыстық оқиғалардың кезектісі. Әдетте мұндай оқиғаларда «күйеуінің көзіне шөп салған» деген күдікке іліккен немесе сүйген адамымен бірге қашуға әрекет жасаған әйелдер құрбан болады.

XS
SM
MD
LG