Accessibility links

Ақтөбеде ата-аналары 2,5 мың баланы ектіруге қарсы


Ақтөбе облысы Темір ауданында 313 сәбидің ата-анасы «дін тыйым салады» деген уәжбен балаларын дерттің алдын алу үшін ектіруден бас тартып отыр. Бұл туралы Азаттыққа Темір ауданы орталық емханасы меңгерушісі Ханым Балғазина хабарлады. Оның айтуынша, бұрын балаларға екпе салу жұмысымен учаскелік дәрігерлер айналысып келген емханада жаңа жылдан бастап арнайы екі штат бөлініп, мамандар «діни ұстанымына» байланысты екпеге қарсылық танытып отырған ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын бастаған.

- Олар бөтен адамдармен сөйлеспейді. Сондықтан бір әйел және бір ер дәрігерге арнайы екі штат бөлінді. Оған қоса ауданда теологтар, прокурорлар мен әкімдік қызметкерлері, дәрігерлерден тұратын топ екпеден бас тартып отырған азаматтардың үйін аралап, түсінік берумен айналысып жүр. Әзірше тек үш адам ғана екпеге қарсы ұстанымын өзгертті, - дейді Ханым Балғазина.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің Азаттыққа айтуынша, қазір облыс аумағында ата-анасы екпеден бас тартып отырған 2,5 мыңнан астам бала бар. Оның сөзінше, мұндай отбасылар Алға, Мұғалжар, Темір, Шалқар аудандары және облыс орталығында бар.

XS
SM
MD
LG