Accessibility links

Финляндия әскер санын 50 мыңға көбейтпек


Финляндияның Ресеймен шектесетін аумағында жүрген шекарашылар. (Көрнекі сурет.)

Финляндия Балтық аймағындағы шиеленістер мен Ресейдің Украина шығысындағы қимылдарының күшеюіне байланысты қарулы күштеріндегі сарбаз санын 50 мыңға дейін көбейтіп, жалпы әскери қызметкерлердің санын 280 мыңға дейін жеткізбек.

Финляндия үкіметінің қорғаныс саясатына қатысты баяндамасында Ресейдің әлемдік держава мәртебесін нығайтуға әрекет жасап жатқаны айтылған.

Финляндия - НАТО-ға мүше емес. Бұл ел әскерилер санын көбейтуге жыл сайын шамамен 55 миллион еуро бөлмек. Финляндия қорғаныс ведомствосы құрлықтағы жаяу әскер мен жылдам қимыл күштерін дамытуды жоспарлап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG