Accessibility links

Пентагон басшысы Еуропаға "тұрақсыздық иіні" жайлы ескертті


АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис. Мюнхен, 17 ақпан 2017 жыл.
АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис. Мюнхен, 17 ақпан 2017 жыл.

АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Еуропа шекарасы мен одан тысқары жердегі "тұрақсыздық иіні" туралы ескертіп, НАТО мүшелерін ұжымдық қорғанысқа өз үлесін қосуға шақырды. Бұл туралы ол жұма күні Мюнхенде қауіпсіздік жөніндегі конференцияның ашылуында мәлімдеген деп хабарлайды Reuters.

"НАТО одақтастары 2014 жыл бетбұрын жыл болғанын мойындаған, сол себепті біз енді шынайы жағдайды жоққа шығара алмаймыз. Халқымыз жауапкершілік жүктеген және оларды жаңа қатерлерден қорғайтын біз қазір түрлі бағыт бойынша қауіптердің белең алып келе жатқанын көріп отырмыз. НАТО шекарасында да, одан тысқары жерде де тұрақсыздық ұлғайып келеді" деген Мэттис.

Ақпанның 17-і күні Германияның Мюнхен қаласында қауіпсіздік мәселелері жөніндегі дәстүрлі конференция жұмысын бастады. Осымен 53-рет өткізіліп отырған Мюнхен конференциясында халықаралық терроризм, Еуропадағы қауіпсіздік, Сириядағы соғыс және Украинаның шығысындағы жанжал талқыланады.

Ресей делегациясын жиынға сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастап келді. Лавров НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен және Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могеринимен кездесу өткізбек.

XS
SM
MD
LG