Accessibility links

Киевте "Еуромайдан" құрбандарын еске алып жатыр


Құрбан болғандарға тағзым етіп тұрған адам. Киев, 18 ақпан 2017 жыл.
Құрбан болғандарға тағзым етіп тұрған адам. Киев, 18 ақпан 2017 жыл.

Украина астанасында бүгін осыдан үш жыл бұрын Киевтегі орталық алаңда (Майдан) билік күштерімен қақтығыста қаза тапқандарды еске алу акциялары өтіп жатыр. 2014 жылғы ақпандағы халық толқуы кезінде жүзден астам адам құрбан болған.

Сенбі күні Киевтегі Тәуелсіздік алаңына мыңдаған адам жиналып, билікке наразылық шеруіне қарсы үкімет күш қолданғанда мерт болған боздақтарды еске алды. Акцияға қатысушылар Майдан қаһармандарына қойылған Институт көшесіндегі ескерткішке дейін шерумен жүріп өтті.

2013 жылғы қарашаның 21-і күні Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімнен бас тартқан үкімет шешіміне қарсылық білдірген мыңға жуық адам Киевтегі Тәуелсіздік алаңына шыққан. 2014 жылы ақпанда наразылар акциясын тарату кезінде үкімет күш қолданып, салдарынан жүзден астам адам мерт болған. Украинаның жаңа тарихына "Еуромайдан" деген атаумен енген жаппай наразылық нәтижесінде елде билік ауысқан болатын.

XS
SM
MD
LG