Accessibility links

Пенс: АҚШ Ресейді жауапқа шақыруды жалғастырады


АҚШ вице-президенті Майк Пенс. Мюнхен, 18 ақпан 2017 жыл.
АҚШ вице-президенті Майк Пенс. Мюнхен, 18 ақпан 2017 жыл.

АҚШ вице-президенті Майк Пенс НАТО бойынша одақтастарын Ақ үйдің жаңа әкімшілігі тарапынан қолдау болатындығына сендірді.Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі конференцияда сөйлеген ол НАТО-ның жаңа күштерін Шығыс Еуропада орналастыру бағдарламасына қолдауды жалғастыруға уәде етті.

Пенстің сөзінше, АҚШ билігі «жаңа тоғысу нүктесін іздеуге» қарамастан Ресейді жауапкершілікке шақыруды жалғастыра беретін болады.

«Ресейді жауапкершілікке шақыруымыз қажет және одан Минск келісімдерін орындауын, соның ішінде ең әуелі Украинаның шығысындағы жанжалды басуға кірісуін талап етуіміз керек» деген Пенс.

Ақпанның 17-і күні Германияның Мюнхен қаласында қауіпсіздік жөніндегі конференция жұмысын бастаған. Осымен 53-рет өткізіліп отырған Мюнхен конференциясында халықаралық терроризм, Еуропадағы қауіпсіздік, Сириядағы соғыс және Украинаның шығысындағы жанжал талқыланып жатыр.

XS
SM
MD
LG