Accessibility links

Меркель: НАТО АҚШ-қа да қажет ұйым


Германия канцлері Ангела Меркель. Мюнхен, 18 ақпан 2017 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель. Мюнхен, 18 ақпан 2017 жыл.

НАТО Еуропаға ғана емес, АҚШ-қа да қажет ұйым деп мәлімдеді Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген Германия канцлері Ангела Меркель. Оның сөзінше, радикалдық исламизм тәрізді проблемаларды жеке бір елде жалғыз шешу мүмкін емес.

Сонымен бірге Меркель мен Ресей арасындағы терроризмге қарсы күресте НАТО мен Ресейдің өзара қарым-қатынасы туралы актіні жүзеге асыруды жалғастыруға шақырды.

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен жылы сайлауалды кампаниясы кезінде НАТО елдеріне жәрдемге жұмсалатын әскери шығыс көлемін азайту жоспары туралы мәлімдеген. Ол НАТО-ға мүше мемлекеттерді қорғаныс саласына бөлетін қаржыны ұлғайтуға шақырып, бірнеше рет мәлімдеме жасаған.

Ақпанның 17-і күні басталған Мюнхен қауіпсіздік конференциясында халықаралық терроризм, Еуропадағы қауіпсіздік, Сириядағы соғыс және Украинаның шығысындағы жанжал талқыланып жатыр.

XS
SM
MD
LG