Accessibility links

Малайзияда Ким Чон Намның қазасына күдікті төртеуді іздеп жатыр


Солтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Ким Чен Ирдің ұлдары Ким Чен Нам (сол жақта) мен Солтүстік Кореяның қазіргі жетекшісі Ким Чен Ын.
Солтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Ким Чен Ирдің ұлдары Ким Чен Нам (сол жақта) мен Солтүстік Кореяның қазіргі жетекшісі Ким Чен Ын.

Малайзия полициясы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның ағасы Ким Чон Намды өлтіруге қатысы бар деген күдікпен бұрын Солтүстік Кореядан келген 33 бен 57 жас аралағындағы төрт ер адамға іздеу жариялады.

Бұған дейін осы іске байланысты төрт адам ұсталған: Вьетнам мен Индонезия паспорттары бар екі әйел және Малайзия мен Солтүстік Кореядан келген екі ер адам ұсталған.

The Times газеті Ким Чен Намды «алты адамнан тұратын топ өлтірген» деп жазды. Оңтүстік Корея басылымдары қылмыстың артында Солтүстік Кореяның арнайы қызметі тұруы мүмкін деп санайды.

Ким Чен Намды ақпанның 14-і күні Малайзия астанасының әуежайында жылдам әсер ететін у жағылған орамалмен бетін бүркеп өлтірген. Оқиға туралы нақты ақпарат әзірше жоқ, қылмыс жасалған уақытта сол маңдағы бейнекамералар жұмыс істемеген.

Солтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Ким Чен Ирдің үлкен ұлы Ким Чен Нам соңғы жылдары негізінен шетелде тұрған және Пхеньян билігін ашық сынаған.

XS
SM
MD
LG