Accessibility links

Беларусьте "арамтамақ салығына" қарсы шеруге жүздеген адам шықты


"Арамтамақ салығына" қарсы акцияға шыққан адамдар. Гомель, Беларусь, 19 ақпан 2017 жыл.
"Арамтамақ салығына" қарсы акцияға шыққан адамдар. Гомель, Беларусь, 19 ақпан 2017 жыл.

Беларусь елінде "арамтамақтар" туралы заңға қарсылық акциялары жалғасып жатыр. Ірі қалаларда екі мыңнан астам шерулер мен жиындарға шыққан.

Гомель қаласында наразылар бас көшемен орталық алаңға дейін жүріп өткен. Олар оппозицияның қызыл ала туын көтеріп, "араматамақ емеспін", ""құл емеспін" деген және үкіметке наразылық білдірген өзге де жазулар ұстап шыққан. Акция кезінде билік өкілдері ешкімді ұстамаған. Осындай қарсылық шаралары Брест, Витебск, Гродно мен Могилев қалаларында да өткен. Облыс орталықтарында жұрттың наразылық білдіруіне жұма, ақпанның 17-і күні Минскіде өткен "арамтамақтар маршы" әсер еткен.

Беларусь "арамтамақ салығын" 2015 жылғы сәуірде енгізген. Сол кезде ел президенті Александр Лукашенко "Әлеуметтік масылдықтың алдын алу туралы" жарлық шығарған болатын. Заңға сәйкес, жұмыссыз ретінде ресми тіркелген әр азамат 170 еуроға жуық ақша төлеуі тиіс. Салықты төлеуге биылғы ақпанның 20-сына дейін мерзім берілген. Осы кезге шейін салық төлеуге жатқызылған азаматтардың он пайызға жуығы оны төлеген. Беларусьте "арамтамақ" санатына жататын 400 мыңнан астам адам бар.

XS
SM
MD
LG