Accessibility links

Астанада аяздан 1-9-сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды


Астана көшелерінде қар күреп жүрген жұмысшылар (Көрнекі сурет).
Астана көшелерінде қар күреп жүрген жұмысшылар (Көрнекі сурет).

Астана мектептерінде қатты аяздан бірінші ауысымда оқитын 1-9-сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Кешелі бері Қазақстанның сегіз облысында ауа-райына байланысты жолдар жабылып, қозғалыс шектелді.

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бұрқасын мен жолдың нашар көрінуінен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында республикалық және облыстық маңызы бар бірқатар жолдарда жүруге шектеу қойылған.

XS
SM
MD
LG