Accessibility links

Шаңғышы Коломина Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді


Қазақстандық шаңғышы Елена Коломина қысқы Азия ойындарында медаль алған сәт. Саппоро. 20 ақпан 2017 жыл. (Сурет авторы - Ізтұрған Алдауев).
Қазақстандық шаңғышы Елена Коломина қысқы Азия ойындарында медаль алған сәт. Саппоро. 20 ақпан 2017 жыл. (Сурет авторы - Ізтұрған Алдауев).

Қазақстандық шаңғышы Елена Коломина Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан 8-қысқы Азия ойындарында күміс медальді жеңіп алды. Коломина жүлдені классикалық стильде 1,4 километр қашықтықтағы спринт жарысында алды. Бұл - Қазақстан Саппоро ойындарында алған алғашқы жүлдесі.

Жарыстың алтын жүлдесін қытайлық Дандан Ман, қоланы австралиялық Кэйси Райт алды.

Саппородағы 19 ақпанда басталған Азия ойындары 26 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG