Accessibility links

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі "мезгілсіз қайтыс болды"


Виталий Чуркин
Виталий Чуркин

Ресейдің сыртқы істер министрлігі БҰҰ-дағы тұрақты уәкілі Виталий Чуркиннің 65-ке қараған шағында 20 ақпан күні Нью-Йоркте мезгілсіз қайтыс болғанын мәлімдеді. Министрлік дипломаттың неден өлгенін анықтап хабарлаған жоқ, тек марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Кейбір Батыстағы БАҚ Чуркиннің жүрек талмасынан қайтыс болғанын жазды. ТАСС агенттігі БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттерештің ресейлік дипломаттың өліміне қатысты "жай түскендей болды" деген сөзін келтірген.

"Рейтерз" агенттігінің жазуынша, БҰҰ бас хатшысы кеңсесінің өкілі Фархан Хақ: "[Чуркин] үнемі көз алдымызда жүруші еді. Қайран қалдым. Отбасына, достары мен үкіметіне көңіл айтамыз" деген.

Чуркин Ресейдің сыртқы саясатын барынша қорғауға тырысқан өкіл ретінде танылған. Ол былтыр Сирия президенті Башар Асадқа қарсы оппозиция жасақтарын біржола талқандау үшін Алеппоны бомбалауды жақтап шыққан.

XS
SM
MD
LG