Accessibility links

Германия ұлтшылдарының жетекшісі Ресей депутаттарымен кездесті


Фрауке Петри, Германияның әсіре оңшыл саясаткерлерінің бірі, "Германияға балама" партиясы жетекшілерінің бірі.

Германиядағы танымал ұлтшыл саясаткерлердің бірі Фрауке Петри Ресей Мемлекеттік думасы өкілдерімен, атап айтқанда, президент Владимир Путиннің «Единая Россия» партиясының жоғары лауазымды өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Петри жетекшілік ететін "Германияға балама" партиясы кеңсесінңғ хабарлауынша, кездесу өткен демалыс күндері болған.

Фрауке Петридің кеңсесі саясаткердің Мәскеуге Мәскеуге «ынтымақтастық» жөнінде келіссөз жүргізу үшін шақырылғанын және Мемлекеттік Дума спикері әрі Путиннің сенімді өкілі Вячеслав Володинмен, вице-спикер Петр Толстоймен кездескенін мәлімдеді. Бірақ кездесуде не мәселе қаралғаны туралы ақпарат бермеді.

Думаның ресми ақпараты бойынша, келіссөзде «партияаралық ынтымақтастық", сонымен қатар «жастар ұйымдарының байланыстарын дамыту» мәселелері сөз болған. Кездесуге Ресейдің ультра ұлтшыл Либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский мен осы партия фракциясының мүшесі Леонид Слуцкий де қатысқан.

Кездесу Германия-Ресей қарым-қатынасы күрделене бастаған тұста өтіп отыр.

Германия билігінің өкілдері бұған дейін бірнеше рет Мәскеу Германияда қыркүйек айында өтетін парламенттік сайлауға ықпал етуге, экстремистік топтарды қолдау арқылы, елдегі ішкі жағдайды ушықтыруға әрекет жасауы мүмкін деп ескерткен болатын.

Ал бұған дейін Кремль Францияның Ұлттық майдан партиясымен байланыс орнатып үлгерген. Партия басшысы, ресейшіл бағыттағы Марин Ле Пен алдағы президенттік сайлау кампаниясында алда тұр.

Сауалнама нәтижесі бойынша қолдаушыларының саны 10 пайызға дейін азайған "Германияға балама партиясы канцлер Ангела Меркельдің Германияға жүздеген мың босқынды кіргізуіне өте қарсы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG