Accessibility links

Сирияда жарылыстан ресейлік төрт сарбаз қаза тапты


Хомс қаласы маңындағы жарылыстан кейін көкке көтерілген түтін, Сирия (Көрнекі сурет).

Сирияда көлік жарылысынан ресейлік төрт әскери қызметкер қаза тапты. Ресей қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, 16 ақпанда болған жарылыстан тағы екі әскери жараланған.

Ресейлік әскерилер мінген көлік Сирия әскерилерінің керуені құрамында Тияс әуежайы маңынан Хомс қаласына кетіп бара жатқанда жарылған. Көлік Тияс әуе базасынан төрт километрдей ұзап шыққанда жарылыс болған.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратында құрбандар "әскери кеңесшілер" деп айтылады. Жарылғыш құрылғы көліктің астына жасырылған және радио арқылы басқарылатын аппараттан іске қосылған.

XS
SM
MD
LG