Accessibility links

Тәуелсіз журналист Аркадий Бабченко Ресейден кетті


Аркадий Бабченко, ресейлік тәуелсіз журналист.
Аркадий Бабченко, ресейлік тәуелсіз журналист.

Тәуелсіз журналист Аркадий Бабченконың сөзіне қарағанда, оған «біраз уақыт елден сыртта бола тұрғаны дұрыс» екені туралы мәлімет түскен. Бұл туралы «Такие дела» порталы хабарлайды. Бабченко шетелге кетуінің нақты себептерін айтпағанымен, бұл оның «еркіндігі немесе тұтқынға алыну» мәселесімен байланысты. Журналист қазір Чехияда.

Бабченко 2016 жылғы желтоқсанда Ресей қорғаныс министрлігінің Қара теңізге құлаған Ту-154 ұшағының апатынан қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтудан бас тартқан еді. Ол мұны Сирияға бара жатқан апат құрбандары «Ресей билігін қолдап ән айтып, билегенімен» түсіндірген

Одан кейін «Комсомольская правда» басылымының шолушысы Анатолий Жильцов Бабченкоға қатысты қылмыстық іс қозғау бастамасын көтерген, ал Дума депутаты Виталий Милонов журналисті азаматтығын айыру керек деп доқ көрсеткен.

XS
SM
MD
LG