Accessibility links

Ресейдің Ембі полигонын жалға алуын тоқтататын хаттама мақұлданды


Парламент мәжілісі, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісінің депутаттары бүгін Ақтөбе облысындағы Ресей жалға алған Ембі әскери полигонының жалға алу шартын тоқтатуды қолдап дауыс берді. Мәжілус осымен Ресеймен арадағы Ембі полигонын жалға алу және пайдалану шарттары туралы екі жақты келісімнің күшін жою шаралары туралы хаттаманы ратификациялайтын заң жобасын мақұлдады.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұйғарымынша, хаттама аясында Ресей Қазақстанға полигонның жалға алған территориясы мен мүлкін қайтарады.

Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәжілісте Ембі полигонында ластайтын және улы заттардың мөлшері шектік нормадан аспайтынын, жергілікті тұрғындар мен атқарушы органдардан қандай да бір ауру туралы шағым түспегенін айтты.

Қазақстан билігінің мәліметінше, полигонның қайтарылатын территориясын ауыл шаруашылығы мақсатында, инфрақұрылымдық нысандар салуға пайдалануға болады және геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуі мүмкін.

"Интерфакс" агенттігінің Қазақстан қаржы миинстрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей ембі полигонын пайдаланғаны үшін жыл сайын Қазақстанға 718 мың доллар, ал жалға алған төрт әскери полигоны үшін 20,7 миллион доллар төлеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG