Accessibility links

17 жыл түрмеде отырған өзбек журналисі Мұхаммед Бекжан босатылды


Өзбекстан журналисі Мұхаммед Бекжанның (оң жақта) түрмеден босап шыққан сәті. Зарафшан, 22 ақпан 2017 жыл.
Өзбекстан журналисі Мұхаммед Бекжанның (оң жақта) түрмеден босап шыққан сәті. Зарафшан, 22 ақпан 2017 жыл.

Өзбекстанда оппозициялық "Эрк" газетінің бас редакторы болған 63 жастағы журналист Мұхаммед Бекжан бүгін 17 жыл отырған түрмеден бостандыққа шықты. Азаттықтың Өзбек редакциясының хабарлауынша, саяси тұтқын, экс-президент Ислам Каримовтың басты қарсыласы Мұхаммед Салихтің інісі Мұхаммед Бекжан 22 ақпанда Зарафшандағы түрмеден босап шыққан. Түрме қақпасында оны туыстары күтіп алды.

Мұхаммед Бекжан түрмеден босап шыққаннан жарты сағаттан соң Азаттықтың Өзбек редакциясымен телефон арқылы әңгімесінде көңіл-күйі жақсы екенін және ағасымен бірге Хорезмдегі туыстарының үйіне бара жатқанын айтты.

Өзбек арнайы қызметі 1999 жылы наурызда Киевте Мұхаммед Бекжанды ұрлап әкетіп, Өзбекстанға жеткізген. Оған өз елінде сол жылы ақпанда болған жарылыстарды ұйымдастыруға қатысы бар деген айып тағылып, Өзбекстан соты 15 жылға соттап жіберген. Сотта Мұхаммед Бекжан өзіне тағылған айыпты толық жоққа шығарып, тергеу барысында өзін азаптағанын мәлімдеген.

Алты жыл бұрын Өзбекстан билігі Бекжанның босауына алты ай қалғанда оның жаза мерзімін тағы төрт жыл сегіз айға ұзартқан. Ол осы мерзімі аяқталған соң босатылып отыр.

XS
SM
MD
LG