Accessibility links

Ақтөбеде "адамды құлдыққа салған" күдікті қамалды


Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақтөбе облысында 29 және 44 жастағы екі әйелді "күңдікке салған" күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның мәліметінше, күдіктінің жасы 53-те, қамауға алынғанға дейін ол Хромтау ауданы территориясындағы теміржол стансаларының бірін басқарған.

Күдікті осыдан жеті ай бұрын екі әйелді Хромтау ауданындағы шаруа қожалығына алдап алып барып, күңдікке салып қойған. Полицияның хабарлауынша, жарты жылдан астам өз ықтиярларынсыз қара жұмыс істеген әйелдер құтқарылды.

Күдіктінің үстінен қылмыстық кодекстің 128-бабының 2-тармағы ("адам саудасы") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG