Accessibility links

Астрономдар Жерге ұқсайтын жеті ғаламшар тапты


TRAPPIST-1 жұлдызы мен оны айналатын жеті ғаламшар.

NASA астрономдары Күн жүйесіне салыстырмалы түрде алғанда жақын, Жерге ұқсас жеті ғаламшарды тапқанын хабарлады. Олардың кемінде үшеуі TRAPPIST-1 жұлдызын оларда сұйық түрде су болуына жағдай тудырарлықтай қашықтықта айналады. NASA зерттеушілері мен бельгиялық мамандар ғаламшарларды тапқаны туралы зерттеуін Nature журналында жариялады.

Баспасөз конференциясында астрономдар барлық жеті ғаламшардың барлығы көлемі мен массасы жағынан Жермен шамалас екенін және жер бедері жартасты, құзды болуы әбден мүмкін екенін хабарлады. TRAPPIST-1 жұлдызы Суқұйғыш шоқжұлдызында Күн жүйесінен шамамен 40 жарық жылындай (шамамен 235 триллион миль) қашықтықта орналасқан.

Егер аталған ғаламшарларда су болса, онда ол сұйық күйінде болуы тиіс. Зерттеушілер ғаламшарлардың жұлдызға жақындығы мен көлемдері оларды ары қарай да зерттеуге мүмкіндік береді дейді. Астрономдар ғаламшарларда тіршілік белгілерін зерттеу үшін олардың атмосферасынан сынама алудан үмітті.

XS
SM
MD
LG