Accessibility links

Ақ үй миграцияны шектейтін жаңа жарлығын кейін жариялайтын болды


Маями әуежайындағы паспорт тексеру пункті. Флорида, АҚШ (Көрнекі сурет).
Маями әуежайындағы паспорт тексеру пункті. Флорида, АҚШ (Көрнекі сурет).

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың босқындар мен мигранттардың елге кіруін шектейтін жаңа жарлығын шығаруды кейінге қалдырды. Трамп құжаттың осы аптада жарияланатынын айтқан болатын, бірақ президент әкімшілігі оның келесі аптаға шегерілетінін мәлімдеді. Жарлықтың алғашқы нұсқасы барлық босқындардың және Иран, Ирак, Сирия, Судан, Сомали, Ливия және Йемен азаматтарының АҚШ-қа кіруіне уақытша тыйым салған еді.

Бірақ АҚШ соты бұл құжаттың күшіне енуін тоқтатып тастады. Жарлықтағы жоғарыда аталған елдердің азаматтарына қатысты ереже әуежайларда тәртіпсіздіктер туындатып, АҚШ пен басқа елдерде де қарсылық акцияларын өткізуге әкеп соқтырды. Ақ үй Сан-Францискодағы федералдық апелляциялық сот пен өзге де төменгі инстанция соттары білдірген қарсылықтарды ескере отырып, құжаттың мәтінін қайта жазатынын жариялаған. Апелляциялық сот әуелгі жарлықты діни негіздегі дискриминацияның көрінісі деп санайды.

XS
SM
MD
LG