Accessibility links

Германия канцлерлігіне кандидат қаржылық қылмыс жасау күдігіне ілінді


Мартин Шульц, Еуропа парламентінің бұрынғы төрағасы, Германия канцлерлігіне кандидат.
Мартин Шульц, Еуропа парламентінің бұрынғы төрағасы, Германия канцлерлігіне кандидат.

Германия канцлерлігіне кандидат Мартин Шульц Еуропа парламентінің төрағасы болып тұрғанында қаржылық алаяқтық жасады және қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Deutsche Welle.

Қазір Еуропаның алаяқтықпен күрес ведомствосы Шульцтің "қызметін асыра пайдаланғаны және бірқатар лауазымды адамдарға негізсіз сыйақы бергені" туралы ақпараттың ресми тергеу бастауға жеткілікті түрде негіз бола ма деген сауал төңірегінде тексеріс жүргізіп жатыр. Ақпараттың Шульцтің пресс-атташесі мен оның қазіргі сайлауалды кампаниясының менеджері Маркус Энгельске қатысты туындаған.

Бұған қатысты енді Еуропа парламентінің іс басқарушысы 3 наурызға дейін түсінік беруі тиіс. Шульц әзірге айыптауға қатысты комментарий берген жоқ.

Қаңтардың соңында Мартин Шульц Германияның Социал-демократиялық партиясы атынан канцлерлікке кандидат ретінде ұсынылған. Ол Германиядағы "терең қайшылықты" жою және теңдік жолында күресетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG