Accessibility links

Бішкекте парламент депутатын жақтайтындар митингі өткізіп жатыр


Парламент депутаты Алмамбет Шыкмаматовтың жақтастары Қырғызстан МҰҚК ғимараты алдында митингі өткізіп тұр. Бішкек, 24 ақпан 2017 жыл.
Парламент депутаты Алмамбет Шыкмаматовтың жақтастары Қырғызстан МҰҚК ғимараты алдында митингі өткізіп тұр. Бішкек, 24 ақпан 2017 жыл.

Бішкекте үстінен коррупцияға қатысы бар деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған парламент депутаты Алмамбет Шыкмаматовты қолдаушылар митингі өткізіп жатыр. Депутаттың жақтастары бүгін таңертең тергеуге шақырылған Шыкмаматов мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимаратынан (МҰҚК) шыққанша митингіні жалғастыра беретіндерін мәлімдеген.

Ақпанның 17-і күні Қырғызстан бас прокуратурасы коррупцияға және қызмет бабында жалған құжат жасауға қатысы бар деген күдікпен депутат Алмамбет Шыкмаматов пен есеп палатасының лауазымды қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғаған. Іс материалдары прокуратураға МҰҚК-нен түскені хабарланған.

Бішкектегі митингіге қатысушылар МҰҚК ғимаратына кіргеніне бес сағаттан асқан Шыкмаматовқа парламенттегі «Ата-Мекен» партиясы фракциясының депутаттары Аида Салянова, Каныбек Иманалиев және Наталья Никитенконы жолықтыруды талап етеді. Жиналғандар «Шыкмаматовқа бостандық берілсін!» деп айғайлап тұр.

Бұған қоса митингіге қатысушылар Қырғызстан МҰҚК төрағасы Әбділ Сегізбаевтың оставкаға кетуін талап етіп, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевты оппозиция мүшелеріне қарсы саяси қуғынды тоқтатуға шақырған.

XS
SM
MD
LG