Accessibility links

Ферғана зауытындағы жарылыстан алты адам мерт болғаны хабарланды


«Ферганаазот» химия зауыты. 3 сәуір 2008 жыл.

Өзбекстанның Ферғана қаласында бейсенбі күні «Ферганаазот» химия зауытында болған жарылыс салдарынан алты адам қаза тапқан. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметіне (Озодлик радиосы) Ферғана облысы әкімшілігі хабарлаған. Өзбекстан билігі ақпанның 23-і күні зауытта жарылыстан адам қазасы болғанын айтқанымен нақты қанша адамның мерт болғаны туралы ақпарат бермеген.

- Жұмысшылар аммиак цехында жөндеу жұмыстарын атқарып жатқан. Аммиак өндірілетін ғимараттан аммиак газы тараған. Газ бен дәнекерлеу кезіндегі ұшқыннан өрт шығып, оның соңы жарылысқа ұласқан. Бес жұмысшы оқиға орнында мерт болған. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген екі адамның бірі кейін сонда қайтыс болған. Қазір жағдайы ауыр бір жұмысшы жан сақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлаған Озодлик радиосына аты-жөнін атамауды сұраған Ферғана облыстық әкімшілігінің қызметкері.

1958 жылы салынған «Ферганаазот» зауыты Өзбекстандағы азот тыңайтқышын өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі саналады. Зауытта карбамид және азот қышқыл тұздары өндіріледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG