Accessibility links

Қырғызстанда оппозиция жетекшісіне қылмыстық іс қозғады


Қырғызстанның оппозициялық «Ата Мекен» партиясы лидері Омурбек Текебаев.
Қырғызстанның оппозициялық «Ата Мекен» партиясы лидері Омурбек Текебаев.

Қырғызстан бас прокуратурасы парламенттегі «Ата Мекен» партиясы фракциясының лидері Омурбек Текебаевқа қатысты қылмыстық кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғаған. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс «Мегаком» мобильдік байланыс операторының ісі бойынша қозғалған. Текебаевтың өзі Азаттыққа қазір Австрияда жүргендіктен қылмыстық іс туралы ештеңе білмейтінін айтқан.

Соңғы бірнеше айдың көлемінде Қырғызстан парламентіндегі «Ата Мекен» партиясы фракциясы мүшелерінен осымен үшінші депутаттың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бұған дейін өткен жылы желтоқсанның 26-сы күні бұрынғы бас прокурор Аида Салянованың үстінен «қызмет бабын теріс пайдаланған» деген айыппен іс қозғалған.

Ақпанның 17-і күні Алмамбет Шыкмаматов пен есеп комитетінің бірнеше лауазымды қызметкеріне қарсы «коррупцияға және қызмет бабында жалған құжат жасауға қатысы бар» деген күдікпен іс қозғалған.

Қырғыз парламенті депутаттарының өздері билік «Ата Мекен» партиясы парламенттік фракциясы мүшелерін саяси себептермен қудалап жатыр деп мәлімдеген. Кеше Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Алмамбет Шыкмаматовтан он сағат бойы жауап алған. Оның алдында, ақпанның 1-і күні Аида Салянова да тергеуге жауап берген.

XS
SM
MD
LG