Accessibility links

Киев: Ресейдің ЛХР-ге қаржы беру жолын анықтадық


ЛХР басшысы Игорь Плотницкий парад кезінде. Луганск, 9 мамыр 2016 жыл.
ЛХР басшысы Игорь Плотницкий парад кезінде. Луганск, 9 мамыр 2016 жыл.

Украина қауіпсіздік қызметі елдің шығысындағы өзін өзі жариялаған «Луганск халық республикасын» (ЛХР) Ресей үкіметінің қандай жолмен қаржыландыратынын анықтағанын айтып отыр. Арнайы қызметтің ақпараты бойынша, биылғы жылғы бірінші тоқсанда ЛХР бюджеті шамамен 11 миллиард рубльді құрайды. «Соның ішінде сепаратистердің өздері бақылайтын аймақтан жинайтыны екі миллиард рубль ғана, қалған соманы қаржылай көмек ретінде Ресей үкіметі береді» дейді Украина қауіпсіздік қызметі.

Мекеменің дерегі бойынша, Мәскеуден бөлінген қаржы Ресей азаматы Владимир Пашков басқаратын «Халықаралық гуманитарлық жобаларды қолдау қоры» арқылы келеді. 2015 жылдың соңына таман тіркелген қордың құрылтайшысы – мәскеулік «Халықаралық есеп айырысу банкі» және сол арқылы ЛХР «мемлекеттік банкіне» қаржы аударылады. Украина қауіпсіздік қызметі ресейлік салалық министрліктер бұл қордың шын мәнінде немен айналысатынын жақсы біледі және оның ақша аудару жолын келіскен дейді.

Қор арқылы қаржыландырудың мұндай механизмі "псевдореспубликаларға ресейлік қаржы қалай жеткізілетінін жасыру және Ресейге қарсы қосымша экономикалық санкцияларға тап болмас үшін" таңдап алынғаны айтылған Украина қауіпсіздік қызметі хабарламасында.

Кремль де, Ресей қаржы министрлігі де бұған қатысты әзірше ресми комментарий берген жоқ.

XS
SM
MD
LG