Accessibility links

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқаудың 6-кезеңінде 1-орын алды


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген '"I Am a Singer" байқауында (Сурет әншінің продюсерінен алынды).
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген '"I Am a Singer" байқауында (Сурет әншінің продюсерінен алынды).

Қытайдағы "I Am a Singer" ән байқауына қатысып жатқан Димаш Құдайберген конкурстың 25 ақпандағы алтыншы кезеңінде бірінші орын алды.

Ол бұл турда франциялық әнші Лара Фабианның Adagio әнін орындады. Қазір Димаш Құдайберген жалпы есепте үшінші орында келеді. Қазақстандық әнші өткен аптадағы бесінші турда жетінші орын алып, жалпы есепте төмен түскен.

Қазақстандық өнерпаз алғашқы екі турда французша SOS d'un terrien en détresse әнін және ресейлік танымал әнші Витастың "Опера 2" атты туындысын орындап кезең жеңімпазы атанған. Ал Queen тобының "Show must go on" әнімен үшінші кезеңде үштікке енген.

Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан "I Am a Singer" ән байқауы барлығы 14 кезеңнен тұрады. Байқаудың келесі кезең 4 наурызда өтеді. Конкурс жеңімпазы сәуір айының соңында белгілі болады.

XS
SM
MD
LG