Accessibility links

Беларусьте «арамтамақтарға» салық салуға қарсы шерулер өтті


«Арамтамақ еместер» шеруіне қатысушылар. Витебск, Беларусь, 26 ақпан 2017 жыл.

Беларусь елінде азаматтарды мемлекет қазынасына жыл сайын шамамен 200 еуро көлемінде бір жолғы салық төлеуге міндеттейтін президент Александр Лукашенконың жарлығына қарсы «арамтамақ еместер» шеруі бүгін де жалғасты. Жарлыққа сәйкес, ондай ақшаны жыл ішінде 180 күннен аса жұмыс істемеген азаматтардың бәрі мемлекетке салық төлеуі тиіс. Билік ондай адамдарды «арамтамақ» немесе «масыл» деп атайды.

Бүгін Барановичи, Бобруйск, Брест пен Витебск қалаларында, беларусь баспасөз құралдарының хабарлауынша, бірнеше жүзден бір мыңға дейін адам наразылық білдіріп көшеге шыққан. Олар биліктен президент жарлығының күшін жоюды талап еткен.

Салықты төлеу мерзімі биылғы ақпанның 20-сында аяқталды деп хабарлайды "Интерфакс".

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG