Accessibility links

Назарбаевты Нобельге енді антиядролық белсендімен бірге ұсынды


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Швейцариядағы Базель бейбітшілік кеңсесі ғылыми-зерттеу орталығының директоры Алин Варе Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақстандық антиядролық қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіковті бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды.

Алин Варенің Facebook-те хабарлауынша, ол Назарбаев пен "Атом" жобасының құрметті елшісі Күйіковті олардың ядролық қаруды жоюдағы қызметі үшін ұсынған.

Кандидаттарды ұсыну мәлімдемесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті ретінде ядролық қарусыздану саласында, оның ішінде Семей ядролық полигонын жабуда бірнеше маңызды бастамалар көтергені айтылады.

"Кәріпбек Күйіков басқаратын "Атом" жобасы әлемді ядролық қарудың адам мен табиғатқа тигізетін апатты салдары туралы баяндап, ядролық қарусыздану идеясын ұсынады. Ядролық сынақтар құрбандарының екінші толқын ұрпағы Кәріпбектің туғаннан қолы жоқ" делінген мәлімдемеде.

Назарбаев бұған дейін ядролық қарусыздану саласындағы қызметі үшін Нобель сыйлығына бірнеше рет ұсынылғанымен, сыйлық берілмеген.

XS
SM
MD
LG