Accessibility links

АҚШ сенаторы Ресей елшілігі көшесін Немцов атымен атауды ұсынды


Марк Рубио, АҚШ сенаторы.

АҚШ сенаторы Марк Рубио Вашингтондағы Ресей елшілігі орналасқан көшені қастандықтан қаза тапқан ресейлік оппозицияшыл саясаткер Борис Немцовтың атымен атау туралы туралы заң жобасын ұсынды.

Флоридадан сайланған сенатор, өткен жылы президент Дональд Трамптың Республикашыл партия атынан кандидат болуына қарсы шыққан Рубио заң жобасын Немцовты Кремль түбіндегі көпірде атып өлтіргеніне екі жыл толған 27 ақпанда ұсынды. 27 ақпанда Мәскеуде бірқатар ресейліктер көшеге шығып, Немцовтың қазасын еске алды.

Рубио Немцовтың Ресей президенті Владимир Путинді сынап, қаза тапқан я ауруханаға түскен қарсыластарының бірі болғанын айтты.

"Борис Немцовтың атына көше беру диссиденттердің даусы өмір сүре беретінін және еркіндікті қорғаушылардың үні өшпейтінін Путиннің режимі мен ресейліктердің есіне ұдайы салып тұрады" деді Рубио.

Марк Рубионың ұсынысы заң жүзінде қабылдануы үшін оны конгрестің қос палатасы бірдей мақұлдап, президент Дональд Трамп қол қоюы тиіс.

AzattyqTV

AzatNews 15.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:14 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG