Accessibility links

Путин Қырғызстанға сапарлап барды


Владимир Путин, Ресей президенті.
Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресей президенті Владимир Путин бүгін Қырғызстанға барды. "Манас" әуежайында оны Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков күтіп алды.

Путин сапарында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен келіссөз өткізіп, екі жақты қарым-қатынас, бірлескен жобаларды іске асыру барысын талқыламақ. Президенттер сонымен қатар екі жақты ынтымақтастық мәселелерін, оның ішінде Еуразия экономикалық одағы аясындағы өзара әрекеттестікті де талқылайды.

Путин Қырғызстанға сапарының алдында Қазақстан мен Тәжікстанда болған.

Бүгін Бішкекте милиция Владимир Путинге үндеу жасамақ болған белсенді Ондуруш Токтонасырованы ұстады. Белсендінің Азаттықтың Қырғыз редакциясына хабарлауынша, ол Ресей елшілігіне Бішкекте адам шығыны болған жол апатын жасағаны үшін рсеейлік дипломатты жауапқа тартуды талап етпек болған.

"Мен қолыма плакат ұстап шыққанмын. Мені Ленин аудандық ішкі істер бөліміне алып барды. Мені ұстауға ешқандай себеп жоқ" деді Токтонасырова.

16 ақпанда Бішкекте Ресей елшілігің "Тойота Лэнд Крузер" көлігі бағдаршамның қызыл жарығын кесіп өтіп, Бішкек тұрғыны Алексей Лексин мінген "Мерседес-Бэнц Спринтер" жүк көлігімен соқтығысқан. Лексин жол апатынан жарақат алып, ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болған. Көлікте Ресей елшілігінің бірінші хатшысы Виктор Пухов болған. Апаттан бірнеше күннен соң ресейлік дипломат Ресейге кетіп қалған.

Дипломатиялық нөмірі бар көліктің қатысуымен болған жол апаты туралы "Осы шақ" бағдарламасының видеосы:

Дипломатиялық нөмірлі көлік қатысқан жол апаты
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:32 0:00

XS
SM
MD
LG