Қазақстанның Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі Алтай Абибуллаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша қызметінен босатылды деп хабарлады ресми БАҚ.
Абибуллаевтың қызметінен жылға жетпей не себепті босатылғаны және орнына кім тағайындалғаны айтылмайды. Абибуллаев Польшадағы елші қызметіне 2016 жылы мамырда тағайындалған болатын.
Ақпанның басында Қазақстан президенті жанындағы коррупцияға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша комиссия елші Алтай Абибуллаевты "мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін" "қызметіне сәйкестігі толық емес" екенін ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс жасаған.
Ресми ақпаратта Алтай Абибуллаевтың мемлекеттік қызметі туралы заңнаманы қалай бұзғаны айтылмайды.