Accessibility links

Трамп АҚШ-тың НАТО-ға адал болатынын нығарлай түсті


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ны қолдайтынын мәлімдеп, бірақ оған мүше өзге елдердің альянс қорғанысына бөлетін қаржысын көбейтулері қажетін тағы ескертті. Бұл туралы ол 28 ақпанда конгресттің қос палатасының өкілдері алдында сөйлеген сөзінде айтты.

"Біз екі дүниежүзілік соғыста шыңдалып, фашизмді күйреткен және қырғи-қабақ соғыста коммунизмді жеңген НАТО-ны берік қолдай береміз. Бізө серіктерімізден, мейлі ол НАТО-да, Таяу Шығыста, я Тынық мұхиты бассейнінде болсын, стратегиялық және әскери операцияларға тікелей және пайдалы түрде араласқанын, өздеріне тиесілі ауырлықты көтергенін күтеміз" деді Трамп.

Трамп сайлауалды кампаниясында АҚШ-тың НАТО-ның басты ұстанымы - альянстың бір мемлекетіне шабуыл жасауды барлық мүше елге жасалған шабуыл деп қабылдау саясатына күмән келтірген.

20 қаңтарда қызметіне кіріскеннен кейінгі алғашқы сөзінде Трамп көбінесе АҚШ-ты қайтадан ұлы ел жасау, денсаулық сақтау, медициналық сақтандыру, көпірлер мен жолдар, инфрақұрылым нысандарын жаңалау сияқты АҚШ-тың ішкі проблемалары туралы айтты. Трамптың сөзінде конгрес мүшелері мен жиынға қатысып отырғандар әлсін-әлсін қол соғып, қошемет көрсетіп отырды.

XS
SM
MD
LG